авто

Переключатель языков

Мәдени-білім жұмысы бөлімінің 2023-2024 жылда атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің мәдени-білім қызметі келушілердің санын арттыру мақсатында музей қабырғасында түрлі сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыруға ғана бағытталып қоймай, сонымен қатар Еліміздің көрнекті тұлғаларының мерейтойларына орай, шығармашылық кеш немесе еске алу кешін ұйымдастырады және насихаттайды.

Мәдени-білім беру жұмысын жүзеге асыру және жобалар әзірлеу арқылы музейді танымал ету мекемелермен өзара келісімсөз орнатып, жұмыстың әртүрлі нысандарын ұйымдастыру, іс-шаралар, көрмелер, фестивальдар, презентациялар. Осылайша халық арасында музейдің атқаратын қызметін дәріптеуге өз септігін тигізеді.

2023-2024 жж. ҚР МОМ Қазақстан Жазушылар Одағы, Мерейтой иелері, Ұлттық кітапхана, Ғылым Ордасы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен тығыз байланыс орнатты.

  • 2023 жылдың 31 қаңтары күні Қазақтың классик жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Баққожа Мұқайдың 75 жылдығына арналған еске алу кеші аталып өтті. Дайындық жұмыстары өз дәрежесінде атқарылды.

  • 2023 жылдың 14 ақпаны күні қазақ телевизиясының 65 жылдығына арналған «Қазақ телевизиясының 65 жылдығы: таспадағы тарих» атты мәдени шара өтті.

  • Қазақ газетінің алғашқы нөмірінің шыққанына – 110 жыл толуына арналған «Қазақ газеті – ұлттың айнасы» іс шарасы музей кинозалында аталып өтті.

  • Мұқан Төлебаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік мұра» атты еске алу кеші 2023 жылдың 17 наурыз күні аталып өтті.

  • 18 мамыр музей түні шарасы аясында заманауи технологияларды қолданатын сәндік-қолданбалы өнер және дәстүрлі қолөнер түрлері бойынша шеберлік сабақтарын «Шеберлер ауылы» қолөнершілері өткізді.

  • 2023 жылдың 5 маусым күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «MUSEUM FOR KIDS» жазғы лагері (алғашқы маусымы) ұйымдастырылды. Лагерьге қаламыздыңтүпкір-түпкірінен оқушылар тартылды.

  • 2023 жылдың 17 қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тікелей қолдауымен Мемлекеттік орталық музейі министрлікке қарасты оқу орындарымен бірлесе отырып, Студенттер күніне орай “Музейдегі сол бір кеш” мәдени-танымдық кешін өткізді.

  • 6 желтоқсан күні Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына арналған «Ел еркесі - Ақан сері» әдеби-танымдық кеш өткізілді.

  • 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Тәуелсіздікке арналған «Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан» мәдени іс-шара және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына арналған «Желтоқсан – Тәуелсіздік жаңғырығы» көрмесінің ашылуы өтті.

  • 2023 жылдың 19 желтоқсан күні ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде XIX ғасырдағы жыраулық поэзияның көрнекті өкілдерінің бірі, күйші, композитор Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Қайран, Нарын...» Алматы қалалық күйшілер мен термешілер сайысының марапаттау рәсімі өтті. Сайысқа әр түрлі оқу орындарынан 30 студент қатысты.

  • Шара аясында Орталық музей ұйымдастырған #Makhambet220Challenge-нің қатысушылары марапатталды. Челленджді Қазақстанның халық әртісі, белгілі күйші Айгүл Үлкенбаева бастап, Махамбет Өтемісұлы домбырасының дәлме-дәл көшірмесімен «Жұмыр қылыш» күйін орындаған болатын. Өнер қайраткерлері, ақындар, күйшілер мен дәстүрлі әншілер, филармониялар мен оркестр ұжымдары челленджді ары қарай жалғастырып, бүгінге дейін 27 өнер ұжымынан 1000-нан аса адам атсалысты. Орталық музей ұжымының атынан осы бір игі бастамаға қолдау көрсеткен әрбір қатысушыға ҚР Мәдениет министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

  • 2024 жылдың 15 ақпан күні кинорежиссер, Қазақстан мен КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған «Қазақ киносының жарық жұлдызы» мәдени-танымдық іс шарасы өтті. 2024 жылдың 15 ақпан күні, сағат 11.00-де ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде қазақтың әйгілі актері, кинорежиссері, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері Ш.Аймановтың (1914-1970) туғанына 110 жыл толуына арналған «Қазақ киносының ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ» мәдени-танымдық іс-шараға байланысты көрме ашылды. Көрме Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп ұйымдастырылған.

  • 2024 жылдың 15 наурыз күні «Қартын қадірлеген ел ардақты» іс шарасы өтті. «Қартын қадірлеген ел ардақты» іс шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде жылдар бойы еңбек етіп, мәдениет саласының дамуына үлес қосқан аға буын өкілдеріне құрмет көрсетілді

  • 2024 жылдың 29 наурызы күні музыкатанушы-этнограф, композитор, Қазақстанның халық әртісі Александр Викторович Затаевичтің туғанына 155 жыл толуына арналған «Қазақ ұлттық музыкасының майталманы» мәдени іс-шарасы өтті.

 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source